Қазақ тіліндегі онлайн сайт сілтемелері
Аталған сайттағы «Кітапхана» айдарында ұсынылған «Қазақ тілінен» деңгейлік оқулықтар мен оқу құралдарындағы тапсырмаларды орындау шетелдік студенттер үшін өте қолайлы екендігі анықталды
Сабақта Интернет жетістіктерін қолдану сабақтың тиімділігін арттырады. Ұсынылған сабақтарда «Тіл-қазына» орталығының материалдары тиімді қолданылды. Төменде тілді үйренуде оңтайлы қолданылған интернет-ресурстар көрсетілген.
https://resmihat.kz/ сайтында іс қағаздарының үлгілерін жазып үйренді.
https://www.soyle.kz/ сайтында аудио-бейне материалдар мен сұхбаттар үлгілерін тыңдап, сабақта жаттығу жұмыстары жүргізілді.
https://kitap.kz/ сайтындағы аудио-бейне материалдарды пайдаланып, бірқатар қазақша аудиокітаптармен тыңдалым тапсырмалары орындалды.
https://emle.kz/ сайты қазақша сауатты жазуға көмектеседі, онлайн диктант жаздырып, жазылым дағдыларын дамытуға көмегін тигізді.
https://qazaqstan3d.kz/ сайты – Қазақстанның көрікті жерлерін саяхат жасауға арналған мобильді қосымша. Мұнда Қазақстандағы мәдени мұралар мен қасиетте орындар, табиғат мұралары ескерткіштеріне, демалыс орындарына 3D саяхат жасап танысты.
Аталған сайттың «Сөздік қор» (https://sozdikqor.kz/all_word) айдарында берілген жобаның жаңа сөздер үйрену үшін маңызы зор болды. Мұнда сөздердің синонимдері, тура және ауыспалары мағыналары, тұрақты тіркестер контексте беріліп түсіндіріліледі.
Сонымен қатар Абай мұражайында онлайн серуендеу 3D форматта көрсетілді. Олар төмендегі сайттарда ұсынылған:
https://abai-museum.kz/3d-tur/
https://www.gov.kz/ ресми сайтындағы Қазақстан туралы жалпы мәліметтермен танысу (ҚР Мемлекеттік рәміздері, географиялық орны, климаты, экономикасы, саясаты, ғылым, дін); «Қазақстанға е-тур саяхат», «Қазақ дәстүрлері – қазақ мәдениетінің негізі», «Қазақстандық сәулет өнерінің кереметі» (Киіз үй, Арыстан баб кесенесі, Қожа Ахмет Ясауи, Хан шатыр, «Қазақстан» қонақ үйі, «Көк төбе» телемұнарасы, «Бекет Ата» мешіті және т.б.), «Ұлттық спорт» (Көкпар, Жекпе-жек, Тоғызқұмалақ, Бәйге, Асық ату және т.б.), «Қазақ музыкасы – дәстүрлі мәдениет» (қобыз, домбыра, сазсырнай, дауылпаз және т.б.), «Ұлттық киімдер – қазақ мәдениетінің атрибуты» тақырыптарына шығармашылық-ізденістік жобалар орындады.